"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 354 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімдері мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын;

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімдері мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімдері мен арнайы киім-кешегінің тиістілік нормалары".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор
Ш. Әрінов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады