Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр генерал-майор | Ш. Әрінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 328 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Буын | Деңгей | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушылық персонал) | ||
А1 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ басшысы: |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ басшысының орынбасары: | |
А2 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ филиалының басшысы: |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ филиалы басшысының орынбасары: | |
2 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД бөлімінің (жасақтың) басшысы. | |
2-1 |
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалы бөлімшесінің (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі). | |
А-3 | 1 |
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бөлім құрамындағы бөлімшесінің немесе зертхананың (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі). |
1-1 |
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы дәріханасының меңгерушісі. | |
2 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД бөлімшесінің, зертханасының басшысы (меңгерушісі), медициналық бөлігінің (бөлімше құқығындағы) басшысы | |
2-1 |
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәріхана меңгерушісі. | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Профессор. |
2 |
Бас сарапшы; | |
3 |
Жетекші сарапшы; | |
4 |
Кеңесші; | |
5 |
Сарапшы; | |
"Денсаулық сақтау" саласында | ||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандары: барлық мамандықтағы дәрігерлер. |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандары: барлық мамандықтағы дәрігерлер. | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандары: барлық мамандықтағы дәрігерлер. | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандары: барлық мамандықтағы дәрігерлер. | |
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандары: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт). |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандары: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт). | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандары: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт). | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандары: зертханашы, медициналық бике (аға), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик), провизор (фармацевт). | |
В4 | 1 | Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандары: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). |
2 | Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандары: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). | |
3 | Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандары: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). | |
4 | Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). | |
өзге де саладағы | ||
| 1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандары: |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандары: | |
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандары: | |
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандары: | |
В3 | 1 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандары: |
2 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандары: | |
3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандары: | |
4 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары: | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 |
ММ шаруашылық бөлімшелерінің басшысы (меңгерушісі): | |
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: архивист, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, мал дәрігері, дирижер, музыкалық жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, шебер, менеджер, әдіскер, механик, аудармашы, бағдарламашы, оқытушы, психолог, редактор, референт, технолог, бапкер, хормейстер, музей қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, энергетик, экскурсия жетекшісі, заңгер, заңгер консультант. | |
С3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: архивист, кітапханашы, библиограф, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, дирижер, автомобильді тасымалдау диспетчері, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, корректор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, шебер, менеджер, механик, әдіскер, музыкалық жетекші, аудармашы, бағдарламашы, психолог, редактор, барлық мамандықтағы техник, технолог, бапкер, хормейстер, музей қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, экскурсия жетекшісі, энергетик, заңгер консультант. | |
D блогы (қосалқы персонал) | ||
D | Техникалық орындаушылар: архивариус, әкімші, ассистент, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кезекші әкімші, диспетчер, комендант, бақылаушы, көшіруші, машинистка, медициналық тіркеуші, нарядшы, күзетші, операторы: дезкамералық бөлімшенің, байланыс жүйесінің, кәріз-сорғы станциясының, көшірме және баспа машиналарының, компьютерлік техниканың, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету бойынша, тіркеуші (өткізу бюросы), хатшы, есепке алушы, экспедитор. |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
ТЖМ – Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменттері.