Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 317 бұйрығы


      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр генерал-майор Ш. Әрінов

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 13 тамыздағы
№ 317 бұйрығымен
бекітілген

Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері – арнаулы атақ берілген азаматтық қорғау органдарында (бұдан әрі - АҚО) қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) әскери жағдай – Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қатерді болғызбау немесе оған тойтарыс беру үшін жағдайлар жасауға бағытталған және Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін ерекше құқықтық режим;

      3) жөнелтуші тарап – әскери немесе төтенше жағдай жарияланған, терроризмге қарсы операция жүргізілетін, қарулы қақтығыс туындаған не табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған аумаққа міндеттерді орындау үшін АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін жіберетін уәкілетті орган, оның аумақтық органы, мемлекеттік мекемелері;

      4) қабылдаушы тарап – әскери немесе төтенше жағдай жарияланған, терроризмге қарсы операция жүргізілетін, қарулы қақтығыс туындаған не табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде орналасқан азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық органы, мемлекеттік мекемелері;

      5) қарулы қақтығыс – мемлекетте әскери жағдай енгізілмейтін әскери күш қолдана отырып, ауқымы шектеулі мемлекеттер, халықтар, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды шешу нысаны;

      6) төтенше жағдай – авария, өрт, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, қауіпті табиғи құбылыс, апат, дүлей немесе өзге де зілзала нәтижесінде қалыптасқан, адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық залалға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы немесе әкеп соқтыруы мүмкін белгілі бір аумақтағы жағдай;

      7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттер, эпидемиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар;

      8) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көліктік және басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттардың шығарындыларымен (шығарылу қаупімен) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің жарылуынан, тіршілікті қамтамасыз етудің электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелеріндегі авариялардан туындаған төтенше жағдайлар, тазарту құрылыстары;

      9) төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;

      10) төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүддесінде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара;

      11) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.

      3. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды кадр қызметтері, ақшалай қаражатты үш есе мөлшерде төлеуді АҚО қаржы қызметтері жүзеге асырады.

2-тарау. Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу тәртібі

      4. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру, терроризмге қарсы операцияны жүргізу, қарулы қақтығыс жағдайында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде міндеттерді орындауға тарту уақыты қызметтің бір күні үш күнге еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.

      5. Егер қызметтің бір айы бір мезгілде бір жарым ай және үш ай ретінде есептелуге жататын болса, көрсетілген кезең еңбек сіңірген жылдарына үш ай үшін бір ай есебінен есептеледі.

      6. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу бір айлық қызмет үш айға күнтізбелік тәртіппен жүргізіледі. Ұзақтығы бір тәуліктен аз қызмет ету кезеңі еңбек сіңірген жылдарына бір күнтізбелік күн ретінде есептеледі.

      7. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген міндеттерді орындау үшін келген соң осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін жеке құрамның келуі және оны қабылдау туралы акт жасалады.

      8. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген міндеттерді орындаған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері кетер алдында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау актісі жасалады.

      9. Актілерді қабылдаушы тарап орындалатын міндеттердің сипатына қарай – төтенше жағдайларды жою немесе өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімшесі жасайды. Актіні жасауға уәкілетті орган, оның аумақтық органы, мемлекеттік мекемесі басшысының тиісті қызмет бағытына жетекшілік ететін орынбасарлары тартылады.

      10. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген міндеттерді орындау аяқталғаннан кейін және АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері тұрақты орналасқан жерге келгеннен кейін жіберуші тарап осы Қағидаларда көзделген міндеттерді орындауға аталған адамдардың нақты қатысуын белгілеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      11. Комиссия уәкілетті орган басшысының, оның аумақтық органының, мемлекеттік мекемесінің бұйрығы негізінде құрылады. Комиссияның төрағасы уәкілетті орган, оның аумақтық органы, мемлекеттік мекемесі басшысының тиісті қызмет бағытына жетекшілік ететін орынбасары болып табылады. Комиссия құрамына кадр қызметінің, төтенше жағдайларды жою немесе өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жедел басқару орталығының, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің бастықтары кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен дауыс беру жолымен қабылданады.

      12. Комиссияның жұмыс органы орындалған міндеттердің сипатына қарай төтенше жағдайларды жою немесе өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімшелері болып табылады.

      13. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Комиссияның хаттамасын жұмыс органы кейіннен есепке алу үшін кадр қызметіне жібереді. Хаттама негізінде кадр қызметі тиісті бұйрық шығарады.

      14. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген міндеттерді орындау кезінде АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне үш есе мөлшерде ақшалай қамтылым (лауазымдық айлықақы және арнаулы атағы/әскери атағы үшін айлықақы) төленеді.

      15. Бұйрық негізінде қаржы қызметі бір күн үшін үш күн есебінен АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тартудың нақты күндерінің нақты саны үшін ақшалай қаражатты есептеуді жүзеге асырады.

      16. Ақшалай қамтылымның мөлшері АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тартудың нақты күнтізбелік күндерінің санын бір күнтізбелік күнгі ақшалай қаражаттың мөлшеріне көбейту және екіге көбейту жолымен айқындалады (күнтізбелік күнгі ақшалай қаражаттың бір мөлшері айлық ақшалай қаражаттың құрамына кіреді).

      17. Бір күнтізбелік күн үшін ақшалай қаражаттың мөлшері толық айдағы ақшалай қаражаттың сомасын тиісті айдағы күнтізбелік күндер санына бөлумен айқындалады.

  Әскери немесе төтенше
жағдайдың қолданылуы немесе
терроризмге қарсы операция
жүргізу кезеңінде немесе қарулы
қақтығыс жағдайларында немесе
табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай
жарияланған жерде төтенше
жағдайларды жою немесе
өрттерді сөндіру жөніндегі
міндеттерді орындау кезінде
азаматтық қорғау органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің қызмет
мерзімін есептеу және оларға
ақшалай қамтылым төлеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін жеке құрамның келуі және оны қабылдау туралы акт

      Жасалған күні: 20___ жылғы "_____" ____________

      Жасалған орны: ______________________________________

      Біз, төменде қол қойғандар, қабылдаушы және жөнелтуші тараптың өкілдері мыналар туралы осы актіні жасадық:

      1. Бөлімшенің келу күні мен уақыты: _______________________________

      2. Жөнелтуші органның (бөлімшенің) атауы:___________________

      3. Қабылдаушы органның (бөлімшенің) атауы:___________________

      4. Келген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жалпы саны: _____ адам

      5. Келген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тегі, аты, лауазымдары мен атақтары:

Т.А.Ә.

Лауазымы

Арнаулы/ әскери атағы

Ескертпе






      Қойылған қолдар:

      Қабылдаушы тараптың жауапты тұлғалары:

      (Т.А.Ә., лауазымы): ___________________________________

      Жіберуші тараптың жауапты тұлғалары:

      (Т.А.Ә., лауазымы): ___________________________________

  Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет
мерзімін есептеу және оларға
  ақшалай қамтылым төлеу қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау актісі

      Жасалған күні: 20___ жылғы "_____" ____________

      Жасалған орны: ______________________________________

      Біз, төменде қол қойғандар, қабылдаушы және жөнелтуші тараптың өкілдері мыналар туралы осы актіні жасадық:

      1. Міндеттерді орындауға қатысу кезеңі (күні): ___________________________

      2. Жөнелтуші органның (бөлімшенің) атауы:___________________

      3. Қабылдаушы органның (бөлімшенің) атауы:___________________

      4. Міндеттерді орындауға қатысқан қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жалпы саны: _____ адам

      5. Міндеттерді орындауға қатысқан қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тегі, аты, лауазымдары мен атақтары:

Т.А.Ә.

Лауазымы

Арнаулы/ әскери атағы

Орындалған міндеттердің сипаты (түрі)

Ескертпе







      Қойылған қолдар:

      Қабылдаушы тараптың жауапты тұлғалары:

      (Т.А.Ә., лауазымы): ___________________________________

      Жіберуші тараптың жауапты тұлғалары:

      (Т.А.Ә., лауазымы): ___________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады