Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 216 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы К. Тұрсынбаев

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 216 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау Қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ТЖМ) және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік тапсырма - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру;

      2) орындаушы - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекеттік тапсырманы орындайтын ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты ұйымы.

2-тарау.Мемлекеттік тапсырманың құнын анықтау тәртібі

      3. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қызметтер құнының калькуляциясында көрсетілген, растайтын құжаттармен расталған мердігердің тікелей және жанама шығындары ескеріледі.

      4. Тікелей шығындарға мемлекеттік тапсырманы орындаумен тікелей байланысты мердігердің шығындары жатады.

      Жанама шығындарға тұтастай алғанда мердігердің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ мемлекеттік тапсырманы орындау процесінде тікелей пайдаланылмайтын шығындар жатады.

      5. Жұмыстар мен қызметтердің құны келесі үлгі бойынша анықталады:

      Ш барлығы = Тш + Жш

      Жалпы Ш – мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шығыстар ;

      Тш– тікелей шығындар;

      Жш– жанама шығындар

3-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын анықтауға арналған шығындар түрлері

      6. Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде шығыстардың әрбір бабы растайтын құжаттармен (мердігердің штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.

      7. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы орташа баға пайдаланылады.

      8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік тапсырысының құны мынадай шығыстармен айқындалады:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік тапсырманы орындаушының бекітілген штат кестесіне сәйкес мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу (лауазымдық жалақы, қосымша төлемдер, үстемеақылар, төлемдер, өтемақылар);

      2) ел ішінде және одан тыс жерлерде іссапар шығындары;

      3) тауарлар мен материалдарды (шығыс материалдарын, қосалқы құралдар мен керек-жарақтарды, арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын, санитарлық-тұрмыстық және тұрмыстық құралдарды, қосалқы материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды, кеңсе тауарларын) сатып алуға арналған шығыстар;

      4) негізгі құралдарды сатып алуға кеткен шығындар;

      5) коммуналдық қызметтер (салқын су, ыстық су, ауыз су, өндірістік су, теңіз суы, жоғары тазартылған дистиллят, қайтарылмайтын конденсат, газ, электр, жылу, канализация, желдету және бумен жылу энергиясы);

      6) байланыс қызметтері (қалалық телефон нөмірлері, қалааралық қоңыраулар, Интернетке қосылу қызметтері, спутниктік байланыс қызметтері, байланыстың басқа түрлері);

      7) жанар-жағармай материалдары;

      8) ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды ағымдағы жөндеу;

      9) зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін персоналды міндетті медициналық тексеруден өткізуге арналған шығыстар;

      10) қызметкерлерді шалғайдағы мекен-нысандарда емдеуге арналған шығыстар;

      11) өзге де шығыстар (қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысандар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған шығыстар, сейсмикалық жабдықтар үшін үй-жайларды жалға алу және т. б. шығыстар);

      12) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      13) шығындардың жалпы құнына қосылған құн салығы.

      9. Шығындар тиісті құжаттармен (есептер, баға (коммерциялық) ұсыныстары кемінде үш немесе келісім-шарттармен негізделге және негізгі құралдардың нақты бар болуы,шығарылған және тозған жылдары туралы мәліметтер, ақаулар туралы актісі және ағымдағы қаржы жылына жөндеуге жұмсалған шығындар сметасы) негізделеді және расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады