"2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 254 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22.

2025 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының дерекқорларын өңдеу

шығыс кестелерін қалыптастыру

СЖРА ҰСБ, АЕО РМК

2025 жылғы
IV тоқсан -
2026 жылғы
IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23.

2025 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын қалыптастыру және жариялау:
1) қысқаша алдын ала қорытындылар
2) түпкілікті егжей-тегжейлі қорытындылар

статистикалық жарияланымдар

СЖРА ҰСБ

1)2025 жылғы
желтоқсан – 2026 жылғы қаңтар
2)2026 жылғы III- IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      ".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы басшысының м.а.
Ә. Шауенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады