БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы №427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 33) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 33) тармақшасына және Қазақстан Републикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
5), 6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ресми статистикалық ақпарат – статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес және ұлттық санақ жүргізу кезінде мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
6) статистикалық ақпарат – бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;
7) статистикалық көрсеткіштер – бұл орынның және уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе үдерістің мәнін көрсететін, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық сипаттамалары;
8) іріктемелі жиынтық (іріктеме) – зерттеуге қатысу үшін бас жиынтықтан таңдалған белгілі бір рәсімнің көмегімен көптеген жағдайлар (сыналатындар, объектілер, оқиғалар, үлгілер);";
14) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді жинау (бұдан әрі – деректерді жинақтау):";
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қолданылатын деректер көздерінің пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеу, деректерді пайдалануға кез келген шектеуді, сондай-ақ көрсеткіштердің қайталануы мәніне тексеруді қоса алғанда деректер алынатын жағдайларды анықтау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган деректердің бар болуына тексеру жүргізеді. Ол шеңберінде деректерді жинау және оны пайдалану жүзеге асырылатын құқықтық негізді бағалауды көздейді, нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарастыруға немесе жаңа заңнамалық негіздерді бекітуге деген қажеттілік туындауы мүмкін;";
7-тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) деректерді жинау үшін анағұрлым қолайлы әдістер мен тетіктерді анықтайды. Нақты алғанда бұл қосалқы үдеріс шеңберіндегі жұмыстар жинау тетігінің типіне байланысты түрленеді. Қосалқы үдеріс жинау тетіктерін жобалауды, типтік сұрақтар мен жауаптарды, сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандум сияқты деректерді ұсынумен байланысты кез келген ресми келісімдерді жобалауды, деректерді жинауды растауды қамтиды;
4) бас жиынтық пен іріктемені жобалау іріктеме негізінде деректерді жинаумен байланысты үдерістерге ғана қолданылады, мысалы, статистикалық байқаулар арқылы. Қосалқы үдеріс іріктемені қалыптастыру жоспарын құру және бұл ретте қолданылатын тіркелім кезінде қолданылады, сондай-ақ іріктемені қалыптастырудың едәуір қолайлы критерийлері мен әдістерін белгілейді. Іріктемені қалыптастыру көздері әкімшілік және статистикалық тіркелімдер, санақтар және өзге де іріктемелі зерттеулер барысында алынған ақпарат болып табылады. Қажеттілік туындаған жағдайда әзірлеуші мемлекетік орган көздерді біріктіреді;
5) өңдеу және талдауды жобалау "Бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік, және (немесе) балама деректерді өңдеу (бұдан әрі – деректерді өңдеу" және "Деректерді талдау" кезеңдерінде іске асыру үшін статистикалық ақпаратты өңдеу үдерісінің әдіснамасын ұсынады. Бұнда кодтау, редакциялау, есептеу, бағалау, интеграциялау, растау және деректердің жиынтығында түпкілікті ресімдеу әдістерін нақтылау кіреді;
6) статистикалық ақпаратты түзудің барлық циклінің шеңберінде талап етілетін, үдерістердің жалпы шолуын қамтамасыз ете отырып, деректерді жинаудан бастап және ресми статистикалық ақпаратты таратумен аяқтап, өндірістік үдерісті айқындайды, сондай-ақ қандай да бір олқылықтарсыз немесе артып кетусіз өзара іс-қимылдың тиімділігін қамтамасыз етеді. Қосалқы үдеріс қызметкерлердің жүйелермен өзара іс-қимылын талдауды қадағалайды, сондай-ақ олардың жауапкершілігін айқындайды.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) деректерді жинау тетігін құру "Деректерді жинау" кезеңінде қолданылатын деректерді жинау тетігін құру бойынша жұмыстарды сипаттайды. Жинау жеке немесе телефон арқылы пікіртерімдер, қағаз жүзіндегі, электронды немесе онлайн сұрақнамалар сияқты деректер алудың бір немесе бірнеше әдісін қолданумен жүзеге асырылады. Жинау тетігі "Өндіріс үдерісін жобалау" кезеңінде әзірленген жоспарларға сәйкес құралады. Бұл қосалқы үдеріс, сондай-ақ мазмұнды дайындау және тестілеуді, тиісті құралдардың жұмыс істеуін, мысалы, статистикалық нысандағы сұрақтарды тексеруді қамтиды;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Статистикалық жарияланымды жобалау" қосалқы үдерісінде анықталған ресми статистикалық ақпаратты тарату үшін қажет жаңа компоненттерді құру және қолданыстағыларды нығайту бойынша жұмысты сипаттайды. Мұнда дәстүрлі қағаз және (немесе) интерактивті жарияланымдарды түзу үшін қолданылатындардан бастап, веб-қызметтерді, ашық деректерді түзуді қамтамасыз ететіндермен аяқтап, ресми статистикалық ақпаратты тарату бойынша барлық компоненттер және қызметтер кіреді;
4) өндірістік үдерістерді тұтастыру деректерді жинаудан бастап және ресми статистикалық ақпаратты таратумен аяқталатын, статистикалық өндіріс шеңберінде қолданылатын өндірістік үдерістерді, жүйелерді және жаңартулардың тұтастырылуын қамтамасыз етеді. Қосалқы үдеріс "Өндірістік жүйелерді және үдерісті жобалау" қосалқы үдерісінде құрылған тәжірибелік өндірістік үдерістің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Деректерді жинау әртүрлі әдістерді қолданумен барлық қажетті ақпаратты жинауды, сонымен қатар бұдан әрі өңдеу үшін оны тиісті ортаға жүктеуді қамтиды. Жинау үдерісі төрт қосалқы үдеріске бөлінген:
1) бас жиынтық пен іріктемені қалыптастыру осы үдеріс үшін бір статистикалық үдеріс арасындағы және жалпы негізді немесе жалпы тіркелімді қолданатын әртүрлі үдерістер арасындағы іріктемелерді үйлестіруді көздейді. Сонымен қатар осы қосалқы үдеріс шеңберінде сапаны қамтамасыз ету және бос жиынтық пен іріктемені бекіту бойынша жұмыс жүзеге асырылады;
2) деректерді жинауды ұйымдастыру барлық жоспарланған режимдерде ақпаратты жинауға қызметкерлердің, үдерістердің және технологияның дайындаған қамтамасыз етеді және мыналарды:
деректерді жинауға дайындықты;
деректерді жинауды жүргізетін қызметкерлерді, сондай-ақ интервьюерлерді оқытуды;
деректерді жинауды жүргізу үшін құралдардың бар болуын қамтамасыз етуді;
деректерді сұрату және алу үшін жинау жүйелерін жиынтықтауды;
жинауға жататын деректердің қорғалуын қамтамасыз етуді;
деректерді жинау құралдарын дайындауды (сұрақнамаларды басып шығаруды, есепшілердің компьютерлеріне сұрақнамалар мен деректерді жүктеуді) қамтиды.
Зерттеумен байланысты емес деректер көздері үшін қосалқы үдеріс дерекөзден қажет ақпаратты алу үшін үдерістердің, жүйелердің және құпиялылық рәсімдерінің бар болуын қамтамасыз етуді қамтиды;
3) деректерді жинауды өткізу ақпаратты жинау үшін әртүрлі құралдарды қолданумен жүзеге асырылады:
ақпарат көзінен алынатын өңделмеген деректерді немесе агрегатталған деректерді;
респонденттермен алғашқы байланысты және бұдан арғы қызметпен байланысты бұдан кейінгі кез келген шараларды қамтиды.
Дереккөзге және жинаудың тәсіліне қарай байланыс орнында ақпаратты қолмен енгізу немесе орындарда жұмысты бақылау мүмкін;
4) деректерді жинауды аяқтау жиналған деректерді бұдан әрі өңдеу үшін тиісті электрондық ортаға жүктеуді көздейді. Ол деректерді қолмен немесе автоматты түрде жүктеуді қамтиды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Деректерді өңдеу:
деректерді тазарту және оларды талдауға дайындау үдерісінің сипаттамасын қамтиды;
енгізілетін деректерді ресми статистикалық ақпарат ретінде талдау және тарату мақсатында, оларды тексеруге, тазартуға және қайта құруға арналған қосалқы үдерістерден тұрады:
"1) деректерді интеграциялау "Деректерді жинау" үдерісінің нәтижелерін біріктіруге негізделген. Енгізілетін деректер әртүрлі сыртқы және ішкі көздерден түседі және жинаудың әртүрлі әдістерінің нәтижесі болып табылады. Нәтиже өзара байланысты деректердің жиынтығын білдіреді. Интеграциялаудан кейін, қорғау талаптарына байланысты деректер дербессіздендіріледі, яғни құпиялылықты қорғау мақсатында аты және мекенжайы сияқты сәйкестендіргіштерден айырылады;
2) жіктеу және кодтау автоматты түрде (немесе қолмен) жүзеге асырылады, алдын ала айқындалған ұлттық анықтамалық ақпаратқа сәйкес мәтіндік жауаппен цифрлық кодтарды беру арқылы орындалады;
3) тексеру және валидация үдерісі шұғыл ауытқитын мән, сұраққа жауаптардың жоқ болуы және қате кодтау сияқты болуы мүмкін мәселелердің, қателер мен айырмашылықтардың мүмкін айқындалуы мәніне деректерге тексеру жүргізуге мүмкіндік береді;
4) редакциялау және импутация егер деректер нақты емес, жоқ немесе сенімді емес деп танылса әртүрлі әдістерді қолданумен жаңа мәндерді қосуды білдіреді. Нақты қадамдар:
деректердің анық еместігін тексеру;
деректерді қосуды және өзгертуді айқындау;
көрсеткіштерді іріктеу;
импутация;
5) жаңа туынды ауыспалы және статистикалық бірліктерді қалыптастыру шеңберінде жинау кезеңінде айқын бөлінбеген, алайда іздейтін деректерді түзу үшін қажет болып табылатын ауыспалылар және статистикалық бірліктер бойынша деректерді есептеу жүргізіледі. Осы қосалқы үдеріс деректер жиынтығында бар бір немесе бірнеше ауыспалыларға қатысты арифметикалық формулаларды қолдана отырып, немесе әртүрлі модельдік гипотездерді қолдана отырып жаңа туынды ауыспалыларды қалыптастырады;
6) индекстің салмағын есептеу "Өңдеуді және талдауды жобалау" қосалқы үдерісінің шеңберінде құрылған статистикалық әдіснамаға сәйкес деректердің жеке массивтері үшін салмақ коэффициенттерін құрады;
7) агрегаттарды есептеу жалпы белгілі бір сипаттамаларға ие, есеп жазбаларынан деректерді жиынтықтауды, сондай-ақ орташа көрсеткіштерді және дисперсияның, салмақтаудың орташа көрсеткіштерін анықтауды көздейді;
8) деректерді қалыптастырудың аяқталуы "Деректерді талдау" кезеңінде енгізілетін ресурс ретінде қолданылатын деректер массивінің біріне осы кезеңнің басқа қосалқы үдерістерінің нәтижелерін жиынтықтауға негізделген.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жариялау мерзімдерін сақтауды қоса алғанда, ресми статистикалық ақпаратты тарату компоненттерін қамтамасыз ету. Пайдаланушылардың нақты топтары үшін іс-шаралар (презентациялар, интерактивті дашбордтар) өткізуді, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жариялағанға дейін оны жария етуге кез келген тыйымдар енгізуді көздейді. Жарияланған ресми статистикалық ақпаратты алып тастау жағдайлары осы қосалқы үдерістің бөлігі болып табылады;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) пайдаланушылардың сұраулары мен өтінімдерін тіркеуді, сонымен қатар оларға белгіленген мерзімдерде жауаптарды ұсынуды қамтамасыз етеді. Осындай сұраулар мен өтінімдер сапаны байқаудың тізбекті үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде талдануы керек, өйткені олар пайдаланушылардың жаңа немесе өзгеретін қажеттіліктерін көрсетуі мүмкін.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Бюро Заңның 1-бабы 18) тармақшасына және 5-бабына, сондай-ақ осы Үлгілік әдістеменің талаптарына сәйкес ақпараттық базаны зерделейді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Мемлекеттік статистика принциптерін және осы Үлгілік әдістеменің талаптарын сақтау мемлекеттік органдар жүргізуге жоспарлап отырған ведомстволық статистикалық байқауларды күнтізбелік үш жылға бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарына енгізу үшін шарт болып табылады.";
көрсетілген Үлгілік әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Деректерді жинау
1) бас жиынтық пен іріктемені қалыптастыру
2) деректерді жинауды ұйымдастыру
3 деректерді жинауды өткізу
4) деректерді жинауды аяқтау
көрсетілген Үлгілік әдістемеге 2-қосымшада:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Деректерді жинау үшін негіздеме (тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса берумен).
3. Деректерді жинау әдісі (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде).";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Деректерді жинау кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету (қағаз жеткізгіштерді сақтау шарттары, қорғалған көлік ортасының болуы, әзірленген және бекітілген қауіпсіздік саясаты).";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Пайдаланылатын ұлттық анықтамалық ақпараттың тізбесі.".
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшының м.а. |
Ә. Шауенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі