"Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 286 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №138 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет кірістерін болжау әдістемесінде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес мұнай секторы ұйымдарынан (бұдан әрі – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС) түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығы бойынша болжам мұнайға қатысты емес сектор, мұнай бастапқы, екінші және үшінші секторлары жалпы қосылған құн көлемінің (бұдан әрі – ЖҚҚ), мынадай формула бойынша тиімді салық мөлшерлемесі негізінде айқындалады:

      KРNб = KРNб1 + KРNб2+ KРNб3 + KРNб4, мұндағы:

      KРNб – ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС жалпы болжамды сомасы;

      РNб1 = (Vжққ (б.) * Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб1 – мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС болжамды сомасы;

      Vжққ (б) – мұнайға қатысты емес сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржы жылы үшін мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде мұнайға қатысты емес сектордың ӘК-не 0,3%), бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп) * 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржы жылындағы мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;

      Vжққ (есеп) – есепті қаржы жылындағы мұнайға қатысты емес сектордың ЖҚҚ көлемі;

      KРNб2 = (Vжққ(б.м2)* Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб2 - бастапқы мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС болжамды сомасы;

      Vжққ (б.м2) – мұнай бастапқы секторының ЖҚС болжамды көлемі;

      Sесеп - қаржы жылы үшін бастапқы мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA - салықтық және кедендік әкімшілендіру (атаулы мәнде мұнай қайталама секторларының ЖҚҚ-на 0,3%), бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп1/(Vжққ(есеп.м2)* 100, мұндағы:

      KРNесеп1 - қаржы жылында бастапқы мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;

      Vжққ(есеп.м2) – есепті қаржы жылындағы мұнай қайталама секторының ЖҚҚ көлемі;

      KРNб3 = (Vжққ(б.м3)* Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNесеп3 - қаржы жылында бастапқы мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;

      Vжққ(есеп.м3) – мұнай қайталама секторының ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржы жылы үшін қайталама мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (атаулы мәнде мұнай қайталама сектордың ЖҚҚ-на 0,3%), бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/ Vжққ (есеп.м3)* 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржы жылында қайталама мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;

      Vжққ(б.м3) – есепті қаржы жылындағы мұнай қайталама секторының ЖҚҚ көлемі;

      KРNб4 = (Vжққ(б.м4)* Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб4 – үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;

      Vжққ(б.м2) – мұнай үшінші секторының ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржы жылы үшін үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (атаулы мәнде мұнай үшінші секторларының ЖҚҚ-на 0,3%), бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп.м4)* 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржы жылында үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдер;

      Vжққ(есеп.м4) – есепті қаржы жылындағы мұнай үшінші секторының ЖҚҚ көлемі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдарынан түсетін түсімдерді болжау:

      1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның деректері негізінде және кірістер динамикасы бойынша;

      2) инфляция деңгейіне есепті қаржы жылы үшін нақты түсімдерді индекстеу арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
А. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады