Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талапты, сондай-ақ байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 30 маусымдағы № 62 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 1 шiлдеде № 336 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 167-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері мен нысандары, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________М. Такиев
      Министрдің міндетін атқарушы ________А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 336 мен
Министрдің міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 62 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

      1. Осы Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 167-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік пен ақпаратты ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын айқындайды.

      2. Байланысты гранттардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру шеңберінде оларды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс етудің мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау, байланысты гранттарды тартуды жоспарлау процесін жетілдіру және байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

      3. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есепті жасау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және онда:

      1) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының стратегиялық жоспарларына сәйкес жоспарланған деректер көрсетіледі;

      2) қол жеткен нәтижелер (нақты деректер) жоспарланғандарымен салыстырылады.

      4. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесі күніне байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары осы Қағидаларға 14-қосымшаларға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.

      5. Орталық мемлекеттік органдар байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы жылдық есептілікті және ақпаратты байланысты өтінімдері бойынша гранттар тартылған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың есептілігін ескере отырып, бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылғы 5 наурыздан кешіктірмей ұсынады.

      Өтінімдері бойынша байланысты гранттар тартылған жергілікті атқарушы органдар ақпаратты орталық мемлекеттік органдарға Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.

  Байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен
нәтижелері туралы есептілікті
ұсыну қағидалары, мерзімдері
және нысандары, сондай-ақ
ұсынылатын ақпаратқа
қойылатын талаптарға
1-қосымша

Байланысты грант қаражатының игерілуі туралы деректер

Р/с №

Санаттың
атауы

Санаттың сомасы (АҚШ долл.)

Жауапты ұйым

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өнім беруші фирмасы

Келісімшартқа қол қойылған күн

Келісімшарт сомасы (АҚШ долл.)

1

2

3

4

5

6

7

Жиыны:

      кестенің жалғасы

АҚШ долл. жұмсалған қаражат

Жұмсалғаны

Келесі айға арналған болжам (АҚШ долл.)

Ескертпе

Ағымдағы жылы

Бір айда

АҚШ долл.

теңге

АҚШ долл.

теңге

8

9

10

11

12

13

14

Жиыны:

      Ескертпе:

      1. Есептілікке байланысты гранттың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

      2. № 10 және № 12 бағандарда теңгенің АҚШ долларына бағамы қаражатты байланысты гранттың шотынан алу күніне қолданылады.

  Байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен
нәтижелері туралы есептілікті
ұсыну қағидалары, мерзімдері
және нысандары, сондай-ақ
ұсынылатын ақпаратқа
қойылатын талаптарға
2-қосымша

20__ жылғы______ байланысты грант қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат

      Кодтары                             Донор

      Функционалды топ                    Грант нөмірі

      Мекеме                              Қызмет көрсететін банк

      Бағдарлама                          Арнайы шоттар

      Кіші бағдарлама                     20___жылғы "__"_____кіріс қалдық:

      Арнайы шот

Грант қаражатының түсуі (бюджеттік сыныптама коды)

Р/с №

Қаражаттың түскен күні

Шетелдік валютадағы сомасы (мың АҚШ долл.)

Теңгемен сомасы (мың теңге)

Бюджеттік сыныптама коды

Шетелдік валютадағы кассалық шығыстар (мың АҚШ долл.)

Теңгемен кассалық шығыстар (мың теңге)

Жыл басынан бергі бөлінген лимиттер (мың теңге)

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жиыны:

      20__ жылғы______ арнайы шоттағы таза қалдық мың АҚШ долл.

      мың теңге

      теңге бағамы

Байланысты грант қаражатын есептен шығару (бюджеттік сыныптама коды)

Р/с №

Қаражаттың есептен шығарылған күні

Шетелдік валютадағы сомасы (мың АҚШ долл.)

Теңгемен сомасы (мың АҚШ долл.)

Бюджеттік сыныптама коды

Кассалық шығыстар шетелдік валютамен (мың АҚШ долл.)

Кассалық шығыстар теңгемен (мың теңге)

Жыл басынан бергі бөлінген лимиттер (мың теңге)

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жиыны:

      Ескертпе: Есептілікке байланысты гранттың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

  Байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен
нәтижелері туралы есептілікті
ұсыну қағидалары, мерзімдері
және нысандары, сондай-ақ
ұсынылатын ақпаратқа
қойылатын талаптарға
3-қосымша

Байланысты грант қаражатының 20___ жылғы___ жұмсалуы туралы ақпарат

      Кодтары                               Донор

      Функционалды топ             Грант нөмірі

      Мекеме                                 Қызмет көрсететін банк

      Бағдарлама                           Арнайы шоттар

      Кіші бағдарлама

Р/с

Бюджеттік сыныптама коды

Бюджетпен барлық бекітілгені

Есепті кезеңге арналған жоспар

Қаржыландыру лимиттері

Оффшорлық төлемдерді қоса алғанда, грант қаражатының есебінен жұмсалатын шығыстар

есепті айдағы

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

Жиыны:

      Ескертпе: Есепке байланысты гранттың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

  Байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен
нәтижелері туралы есептілікті
ұсыну қағидалары, мерзімдері
және нысандары, сондай-ақ
ұсынылатын ақпаратқа
қойылатын талаптарға
4-қосымша

      ________________________________________________

      (жобаның атауы) жобасы бойынша республикалық бюджеттен қоса

      қаржыландыру қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат

      Функционалды топ

      Мекеме

      Бағдарлама

      Кіші бағдарлама

      Донор

      20___ жылғы "__"_____ жағдай бойынша

Р/с №

Санаттың атауы

Санаттың сомасы

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өнім беруші фирмасы

Келісімшарттың сомасы (келісімшарт валютасында)

Келісімшартқа қол қойылған күн

АҚШ долларында жұмсалған қаражат

Республикалық бюджетте көрсетілген шығыстар

Ерекшелігі

Кассалық шығыстар (мың АҚШ долл.)

Кассалық шығыстар (мың теңге)


есепті кезең үшін

жыл басынан бергі

есепті кезең үшін

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жиыны:

      Ескертпе:

      1. Есептілікке байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды.

      2. 7-бағанда жоба әрекеті басталғаннан бергі жұмсалған сома көрсетіледі.

  Бірлескен бұйрыққа
  2-қосымша

Байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидалары

      1. Осы байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 167-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалауды ұсынудың мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау болып табылады.

      3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 167-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен мынаны қамтитын ақпараттың негізінде:

      1) байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелері;

      2) байланысты гранттардың қаражатын пайдалану барысы мен нәтижелерінің донормен жасалған грант туралы келісімшарт талаптарына, сондай-ақ донорлардың байланысты гранттарды беру рәсімдері мен саясатына сәйкестігін бағалау.

      Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты дайындау көзі болып табылады.

      Байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау төменде көрсетілген ақпаратты өңдеу және талдау әдістерінің негізінде жүргізіледі.

      Байланысты гранттарды іске асыру барысында қол жеткізілген тікелей материалдық немесе материалдық емес салдарлар болып табылатын нәтижелерге бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:

      заттай мәндегі жұмыстар көлемінің, іске асыру мерзімдері мен қаржы шығындарының байланысты грантты жоспарлау сатысында көзделген тиісті көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;

      көрсеткіштердің стандарттар талаптарына және жоспарлау сатысында қалыптастырылған өзге де талаптарға сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;

      жоспарлау сатысында қабылданған алғы шарттарды (бастапқы деректерді), сондай-ақ күтілетін ағымдағы шығындар мен оларды қаржыландыру көздерін растау дәрежесі белгіленеді;

      жобаны іске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және іске асыруға қатысушы тараптардың іс-қимылы бағаланады;

      жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.

      Аяқталған жобаның әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалына бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуде басқа жобалар қатарындағы жобаның үлесінің арақатынасы белгіленеді;

      ағымдағы шығындар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында құрылған алғышарттарды (бастапқы деректерді) растау дәрежесі талданады;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуге жоба үлесінің тиімділігі туралы қорытынды жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады