Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау және өткізу үшін, жалпы көлемі 4,1146 гектар, соның ішінен: Ақсуат ауылы – 0,9715 гектар, Притобольское ауылы – 0,9619 гектар, Богородское ауылы – 1,3109 гектар, Новоильиновка ауылы – 0,8703 гектар, бағыты Тобыл қаласы – Лисаков қаласы жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) берілсін.

      2. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы шешімінің қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      2) осы шешімін оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жарияланғанынан кейін "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новоильинов ауылдық округінің әкімі А. Қалақпасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады