Қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, сәйкес, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі, Береговое ауылы, шекараларында орналасқан 4,7208 гектар, жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.

      2. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының" филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады