"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 2 шілдедегі № 01-20/279 ұсынуын негізге ала отырып, Белинский ауылдық округінің әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі, Мақсұт ауылы Б.Т. Малаевтың жеке шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инсрекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Бейімбет Майлин ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Белинский ауылдық округі әкіміні | Н. Кошеров |