Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті әкімінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 13 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Тобыл кентінің әкімдігі ШЕШТІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына телефон кәрізінің құдықтарына қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0075 гектар жер учаскесіне 2073 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімімен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін:

      - Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Бейбітшілік көшесі (24 құдық);

      - Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Элеваторная көшесі (29 құдық);

      - Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Бейбітшілік көшесі (4 құдық);

      - Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Болашақ көшесі (13 құдық);

      - Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Станционная көшесі (5 құдық).

      2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу.

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жарияланғанынан кейін "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тобыл кентінің әкімі А. Бердалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады