Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 115 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 5,1200 гектар жер учаскесінде "Урицк-Транзитная" ӘЖ-110 кВ жер учаскесін салу үшін "Межрегионэнерготранзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға әкім қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы қаулы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберіледі;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі М. Шымырбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады