Сарыкөл кентіндегі Партизанская көшесі 48-үйге жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 94-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "B2B/B2G клиенттеріне дейін ТОБЖ желісін дамыту, Қостанай облысы" бойынша Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті Партизанская көшесі 48 үйге орналасқан, талшықты-оптикалық байланыс желісін және кабельдік кәрізді төсеу және пайдалану үшін (жария сервитут), 49 жыл мерзімге жер учаскесіне, ауданы 0,0644 гектар, шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы белгіленсін.

      2. "Сарыкөл ауданының Сарыкөл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы өкімнің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы өкім ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Горшенин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады