"Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 243-Ө бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/158 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері

Жабайы хайуанның атауы

Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін)

1

2

3

Жердегі сүт қоректілер

1

Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы)

1500

2

Ілбіс*

2000

3

Борсық

10

4

Тиін

5

5

Құндыз

15

6

Қызыл қасқыр*

600

7

Орта азия кәмшаты*

400

8

Терістік кәмшаты

10

9

Сусары

10

10

Қабылан*

2000

11

Ақкіс

10

12

Қарақұйрық*

400

13

Үнді жайрасы*

200

14

Қара кірпі

5

15

Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян)

5

16

Доңыз

250

17

Құдыр

250

18

Қарақал*

600

19

Құндыз жарғанаты

100

20

Сібір тау текесі

250

21

Сасық күзен

10

22

Қарсақ

5

23

Елік

250

24

Шағыл мысығы*

200

25

Ала аяқ мәлін

5

26

Түрікмен құланы*

2000

27

Ақтөс* және орман* сусарысы

200

28

Ақ құлақ

10

29

Түлкі

5

30

Бұлан

500

31

Сабаншы*

300

32

Қоңыр аю

200

33

Тян-шань қоңыр аюы*

700

34

Балжегіш аю*

600

35

Американ күзені

10

36

Еуропа күзені*

600

37

Теңбіл бұғы*

700

38

Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы)

200

39

Су тышқан

5

40

Шұбар күзен*

200

41

Ала жертесер

5

42

Құну

100

43

Түркістан сілеусіні*

200

44

Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа)

20

45

Жолман*

200

46

Серке киік

500

47

Ұрғашы киік, төлі

350

48

Бүрме ерінді жарқанат*

200

49

Үлкен көртышқан*

200

50

Жанат текті ит

10

51

Бұлғын

40

52

Саршұнақ

5

53

Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр)

10

54

Мензбир суыры*

400

55

Балпақ-зорман

5

56

Сасық күзен

5

57

Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері

100

58

Сүтқоректілердің басқа да түрлері

5

Құстар

59

Қара ләйлек*

200

60

Үлкен, кіші суқұзғын

1

61

Ителгі*

700

62

Бүркіт*

400

63

Сақалтай*

400

64

Тарбақ шырғалақ*

200

65

Тарбақ (үлкен және кіші)

5

66

Үлкен және кіші әупілдек

5

67

Қызыл және қара мамыққаз

10

68

Саңырау құр

10

69

Құр

5

70

Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген)

10

71

Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі)

5

72

Қутұмсық қаз*

600

73

Тұрымтай

5

74

Жек дуадақ*

700

75

Дуадақ*

700

76

Ақбас тырна*

100

77

Сұр тырна*

200

78

Жыланжегіш қыран*

400

79

Қызыл жемсаулы қараша қаз*

200

80

Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ қысқы, жамансары)

10

81

Қарабай*

100

82

Бақылдауық

5

83

Кекілік

5

84

Қалбағай*

200

85

Сұнқар*

200

86

Тарғақ*

400

87

Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)*

200

88

Шалшықшы (ірі және орта)

5

89

Құмай*

100

90

Шіл

5

91

Сұңқылдақ аққу*, кішісі*

400

92

Сыбырлақ аққу

50

93

Құладын (батпақ құладынынан басқасы)

5

94

Қасқалдақ

5

95

Шыбыншы торғай*

100

96

Бақалтақ қыран*

100

97

Дала қыраны

20

98

Жыртқыш қыран

20

99

Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт*

400

100

Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан*

400

101

Бөдене

5

102

Ақ құйрық қызғыш*

200

103

Сұқсыр

5

104

Шаңқылдақ қыран

10

105

Көкқұс*

100

106

Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық*

200

107

Қарабауыр шіл

5

108

Убақ*

100

109

Лашын*

600

110

Балықшы тұйғын*

600

111

Жапалақ, байғыз (үкіден басқа)

5

112

Ақ тырна*

700

113

Алтай ұлары*

200

114

Гималай ұлары

10

115

Үйректер (Жануарлардың сирек кездесетiн және
құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілгенінен басқасы)

5

116

Қырғауыл

5

117

Үкі*

200

118

Қоқиқаз*

400

119

Дара шағала*

200

120

Бидайық*

700

121

Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген құстардың басқа да түрлері

100

122

Басқа да құс түрлері

5

Бауырымен жорғалаушылар

123

Сұр кесіртке

20

124

Сары қыран кесіртке

1

125

Шұбар батбат

1

126

Сары қыран әбжылан

1

127

Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар)

1

128

Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар

1

129

Улы сұр жыландар

1

130

Қалқантұмсық жылан

2

131

Тасбақалар

2

132

Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері

1

Қос мекенділер

133

Жетісу бақатісі

100

134

Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері

1

Жәндіктер

135

Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қоңыздар мен көбелектер

3

136

Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер

0,5

137

Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жарғаққанаттылар

3

138

Жабайы аралар (ұясы үшін)

0,5

139

Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері

0,5

Өрмекші тектілер

140

Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері

0,2

      Ескертпелер:

      *1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:

      әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;

      әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.

      2. Басқа жануарлар түрлері:

      Заңсыз алынған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен бекітілген дериваттар тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 тіркелген), осы жануар түрінің ересек дарасы (еркегі немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.

      3. Iрi мөлшер – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні.

      4. Аса ірі мөлшер – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады