Қазақстан Республикасының Жер кодексі 121-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық - қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ - 2 бұйрығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қауіптіліктің бірінші сыныбы бойынша айқындалатын Меңдіқара ауданының аумағында сібір жарасы көмінділерінің санитариялық қорғау аймақтарының радиустары осы қаулының қосымшасына сәйкес 1 000 метр болып белгіленсін.
2. "Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінең бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет — pecypcында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Бекбаев |
Меңдіқара ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы "____" ___________ | |
№ _____ қаулысымен | |
Бекітілген |
Күйдіргі көмінділерінің орналасқан жері
№ | Орналасқан жері | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Алаңы, га |
1 | Введен ауылдық округі, Введенка ауылы | 12-185-008-926 | 0,0144 |
2 | Қарақоға ауылдық округі, Ұзынағаш ауылы | 12-185-016-376 | 0,01 |
3 | Ломоносов ауылдық округі, Қасқат ауылы | 12-185-032-239 | 0,0625 |
4 | Михайлов ауылдық округі, Михайловка ауылы | 12-185-039-698 | 0,01 |
5 | Первомай ауылдық округі, Перовомайское ауылы | 12-185-044-082 | 0,0467 |
6 | Соснов ауылдық округі, Харьковское ауылы | 12-185-035-720 | 1,4974 |
7 | Соснов ауылдық округі, Харьковкое ауылы | 12-185-033-299 | 0,01 |
Барлығы: | 1,651 |