Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аумақта орналасқан ауданы 0,7223 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин ауылдық округі, Алтынсарин ауылы, Садовое ауылы ТОБЖ жобалау, салу және пайдалану үшін.
2. "Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мичурин ауылдық округінің әкімі | Т. Майшин |
