Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 662 қаулысы

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес құрамда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясы құрылсын.

      2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

      3. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" қарашадағы
  № ______ қаулысына
  1 - қосымша

Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрамы:

Қостанай ауданы әкімінің құқық қорғау қызметінің бағытына жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасы;

"Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі" ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша),

"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі" ММ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша).

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" қарашадағы
  № ____ қаулысына
  2 - қосымша

Қостанай ауданы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясын құру туралы" 2023 жылғы 23 қазандағы № 916 қаулысы;

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қостанай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясын құру туралы" № 916 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 248 қаулысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады