Қостанай ауданының Заречный ауылдық округі Заречное ауылының аумағын кешенді және тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, халықтың тұруы үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, сондай - ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Заречное ауылының егжей - тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарына (бұдан әрі - ЕТЖЖ БЖ) түзету ұйымдастырылсын.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ЕТЖЖ БЖ әзірлеуге тапсырыс беруші болып белгіленсін.
3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) ЕТЖЖ БЖ әзірлеу үшін жобалау ұйымын таңдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етсін;
2) ЕТЖЖ БЖ әзірлеу процесін үйлестіруді жүзеге асырсын;
3) жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен ЕТЖЖ БЖ жобалық шешімдерін талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырсын;
4) ЕТЖЖ БЖ жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | О. Нургалиев |