"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 134 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына "Қостанай – Әулиекөл – Сурган" Р-36 автомобиль жолының бойындағы 149-дан 155 километрге дейінгі қар ұстайтын темірбетон қоршауларды орнату үшін Қарасу ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы-1,8 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады