1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Жарғысы бекітілсін.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарабалық ауданының әкімі | Р. Халықов |
| Қарабалық ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" __________ | |
| № ____ қаулысымен | |
| бекітілген |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асыратын, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.2. Мемлекеттік Мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мекеменің құрылтайшысы Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.
Құрылтайшының заңды мекенжайы: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай – ақ оған қатысты Мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып табылады.
5. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілде: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Карабалыкского района".
6. Мекеменің орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
7. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрлері мен мөртабадары болады.8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
9. Мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
10. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаты
11. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.12. Мекеме қызметінің мәні мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау болып табылады.
13. Мекеме қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады. Мақсатқа жету үшін Мекеме:
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыруды;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесуді;
4) бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен тұрмыстық зорлық зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсетуді;
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;
6) мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимылды;
7) мемлекеттік отбасылық саясат үрдістерін мониторингілеуді және талдауды;
8) өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен амту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу жөніндегі өзге де шараларды іске асыруды;
10) консультациялық көмекті жүзеге асыруды, адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігін бағалауды және айқындауды;
11) халық арасында отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді;
12) талдамалық жазбалар мен есептер жасау, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмектің және қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізуді;
13) жеке материалдық жағдайын жақсарта отырып, қиын өмірлік жағдайларды еңсере отырып, өмір сапасын, отбасылардың уәждемесін арттыруды жүзеге асырады.
14. Мекеме өз мақсаттарына жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, қолайсыз, қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе өзін-өзі қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру бойынша өз мүмкіндіктерін іске асыруда оның туындау қаупі бар адамды (отбасын) қолдау;
2) өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға, өмірлік қиын жағдайдағы немесе оның туындау қаупі бар аймақтағы отбасыларға кешенді көмек көрсету бойынша учаскелік полициямен, қызметтермен (патронаттық медбике, әлеуметтік қызметкерлер және т. б.) өзара іс-қимыл жасайды;
4) отбасындағы дағдарыстық жағдайды жою бойынша психологиялық, психокоррекциялық және өзге де көмек көрсетеді және баланы ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға қайтаруға жәрдемдеседі;
5) тексеру кезіндегі материалдық-тұрмыстық жағдайына, өмірлік жағдайына қарай оларға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетудің нақты нысандарына мониторинг, талдау және айқындау жүргізеді;
6) жарнамалық-насихаттық жұмысты жүзеге асырады (ұйым көрсететін қызметтердің міндеттері мен тізбесі туралы ақпарат тарату, ұйымның қызметі туралы жергілікті БАҚ-та насихаттау);
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жүзеге асыруға, олардың заңды мүдделерін қорғауға, халықтың құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға жәрдемдесетін өзге де қызметті жүзеге асырады.
15. Мекемедегі қызметтер тегін көрсетіледі.
16. Мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
17. Мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Мекемені басқару
18. Құрылтайшы заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:1) Мекемеге мүлікті бекітеді;
2) Мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
4) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған Уәкілетті орган жүзеге асырады.
20. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін, Мекеменің шешім қабылдау тәртібін айқындайды;
4) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босату негіздерін айқындайды;
5) Мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
6) Мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жазбаша келісім береді;
7) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы болып табылады.
22. Мекеме басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) және Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
23. Мекеме басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын оның құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
24. Мекеме басшысының Мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
25. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелер мен ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхат береді;
5) Мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
10) Мекеме қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды;
11) өз құзыреті шегінде мемлекет және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады;
12) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
26. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған ақша "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларда мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, тиісті бюджетке аударылуға жатады.
29. Мекеменің қызметі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның бюджетінен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасы) қаржыландырылады.
30. екеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
31. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және қайта қарауды жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Мекемедегі жұмыс тәртібі
32. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
34. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.35. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
36. Мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
37. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
38. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған Мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
