Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшаларына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Қарабалық кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "ЭПК-forfait" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті аумағында орналасқан жер учаскелерінде әуе электр беру желілерін қызмет көрсету және пайдалану үшін бір жыл мерзімге шектеулі мақсаттағы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу.
1) 10 кВ "Урожайная" әуе желісі (АТЭП) – алаңы 0,0652 гектар;
2) "Урожайная" 10 кВ әуе желісінен КТП №1109-дан шығатын 0,4 кВ әуе желісі (АТЭП) – 0,052 гектар;
3) "Урожайная-Рус" 10 кВ әуе желісінен КТП №1192-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0124 гектар;
4) Қарабалық кентіндегі КТП №1198-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0128 гектар;
5) Қарабалық кентіндегі КТП №11151-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0199 гектар.
2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
2) осы шешімді Қарабалық кенті әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарабалық кентінің әкімі | Р. Байканов |