Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы әкімінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 10 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Қарабатыр ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алюминий Қазақстан" акционерлік қоғамына Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қарабатыр ауыл аумағында орналасқан жалпы ауданы 1749,650665 гектар жер учаскесіне 2028 жылғы 07 сәуірге дейінгі мерзімге геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін, мұндай жерлерді меншікке немесе жер пайдалану құқығына беру мақсатында емес, сондай-ақ жеке меншік иелерілінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, көпшілік сервитут белгілеу.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қарабатыр ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.

      А. Хавалхан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады