"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 74 "Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 69 "Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
2) Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 157 "Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 69 "Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.
2. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Мендыбаев |
