Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 254 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Брендт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ӘЖ-10кВ электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 8.0 гектар жер учаскелеріне 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы Әділет органын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі міндетін атқарушы Ф. Балашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады