"Нурлэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Нұрлэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырын салу үшін Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Алшан ауылының аумағында орналасқан 5,2094 гектар жер учаскесіне 2 (екі) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Нурлэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін.

      3. "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Тельман ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Тельман ауылдық округінің әкімі А. Имаканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады