2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 156 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының негізінде, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге Жолдау;

      2) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Ж. Таукенов

  Әулиекөл ауданы
  әкімдігінің қаулысына
  2025 жылғы 17 қазандағы
  № 156 қосымша

2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру

48223,24

2352,34


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады