Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 176 "Әулиекөл ауданы ауылдарының, кентінің, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 138 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 176 "Әулиекөл ауданының ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Әулиекөл ауданының әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады