Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабы 2-1) тармақшасына және 75-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады".
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Ж. Таукенов |