Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабынына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округіндегі 1,0 га жер учаскесіне "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Первомайское ауылым сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау" жобасын бойынша ұңғыма және құрама су құбырын салу үшін" 5 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) берілсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасының Заңнамалық бақылау банкі актісіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
2) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Сартов |
