Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 123 "Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 346 қаулысы

      Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 123 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      18-1) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      18-2) мемлекеттік спорттық тапсырысты мемлекеттік спорттық тапсырысты жеткізушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында орналастыруды қамтамасыз етеді;

      18-3) мемлекеттік спорттық Тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.".

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар ету;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Жолдау;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады