Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 497 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары үшін таза кірістің бір бөлігін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету:
      1) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне жариялау және қосу үшін жіберілуін;
      2) осы қаулыны Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Арқалық қаласының әкімінің міндетін атқарушы А. Ташимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады