Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ газ құбырын пайдалану мақсатында Рудный қаласы, Қашар кенті мекенжайында орналасқан ауданы 2,6383 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қашар кентінің әкімі | М. Раймбекова |
