Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Қашар кентіндегі жалпы ауданы 3,3020 гектар жер учаскесіне жобалау және талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту мақсатында қоғамдық сервитут орнатылсын.
2. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның бірінші рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| М. Раймбекова |
