Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы No 811 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1107 қаулысы

      Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 811 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) бюджет қаражаты көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      18) мемлекеттiк спорттық тапсырысты берушiлердiң меншiк нысандарына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтерi мен түрлерiне қарамастан, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттiк спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етедi;

      19) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және мақсатты игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда қамтамасыз етеді".

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда аталған Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады