2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 1067 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

  Рудный қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 19 желтоқсандағы
  № 1067 қаулысына
  қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы

Қызмет түрлері

Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)

1.

"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер

18160,49

психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер

10993,57

психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер

18055,59

үйде күтім жасау жағдайында

2064,21

2.

Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

уақытша болу жағдайында

6787,24

түнгі уақытта болу жағдайында

6127,09


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады