"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 448 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 152 мекенжайы бойындағы газ құбырын пайдалану мақсатында көлемі 0,0182 га;

      2) Рудный қаласы, Громова тұйық көшесі, 2 А мекенжайы бойындағы газ құбырын пайдалану мақсатында көлемі 0,0122 га.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады