"Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданады.
| Әкім | М. Жүндібаев |
| Қостанай қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "25" желтоқсан | |
| № 2178 қаулысына | |
| қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымның атауы | Түрі | Айына 1 қызмет алушыға шаққандағы тариф (теңгемен) | Тәулігіне 1 қызмет алушыға тариф (теңгемен) |
1 | "Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ | Үйде күтім жасауды ұйымдастыру | 45059,69 | 2048,17 |
2 | КМУ "Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды (отбасын) бейімдеу орталығы" | Уақытша болуды ұйымдастыру | 86758,42 | 2891,9 |
3 | ҚМУ "Белгілі бір тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы" | Уақытша болуды ұйымдастыру | 300462,54 | 9692,3 |
4 | "Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы" КММ түнгі тұру бөлімі | Уақытша түнде қонуды ұйымдастыру | 44281,80 | 1428,4 |
5 | "Асыл арман" мүгедектерді оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігі | Жартылай стационар (тұрақты сырттан қарауды қажет ететін психоневрологиялық патологиясы бар бірінші және екінші топтағы мүгедектерге) | 339643,3 | 15438,33 |
6 | "Асыл арман" реабилитациалық мүгедектерді оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігі | Жартылай стационар (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға)) | 291620,24 | 13255,47 |
Ескерту:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҚБ – қоғамдық бірлестік