"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің мынадай қаулылары жойылсын:
1) "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысы;
2) Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы № 1337 қаулысы;
3) Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2024 жылғы 13 наурыздағы № 381 қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай қаласының әкімі | М. Жүндібаев |
