"Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 218 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28697 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ауылшаруашылық өнімін тереңдете өндеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 4 тамыздағы
  № 218 қаулысына
  қосымша
  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 27 маусымдағы
  № 273 қаулысымен
  бекітілген

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өндеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)

Сүт

Сары май

67,0

Сүт

Қатты ірімшік

34,0

Сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

19,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады