Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 50-1), 50-2), 50-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"50-1) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
50-2) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және жұмыскерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық) келісімдер жасасады;
50-3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінең бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |