Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2- тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
| Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы Б. Билялов |
