Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 қазандағы №6/44 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасында:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түпқараған аудандық мәслихат төрағасы | А.Байбатырова |
