Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко ауылы әкімінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 77 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 07 қарашадағы қорытындысы негізінде және Форт-Шевченко қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының атауы жоқ көшелеріне төмендегідей есімдер берілсін:

      1). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IІ кварталында орналасқан Қ.Қаниев көшесінің шығыс бөлігіндегі атауы жоқ көшеге Қадір Ергенбаев есімі берілсін;

      2). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IІа кварталында орналасқан атауы жоқ көшеге Тәбіш Қошақбаев есімі берілсін;

      3.) Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IV кварталында орналасқан атауы жоқ екінші көшеге Нұрберген Исаев есімі берілсін;

      4). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IV кварталында орналасқан атауы жоқ үшінші көшеге Мұқан Мұңалов есімі берілсін;

      5). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IV кварталында орналасқан атауы жоқ төртінші көшеге Құрбан Адырақов есімі берілсін;

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.


      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Курманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады