Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 06 қаңтардағы № 24/205 "2025 - 2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 қазандағы № 30/263 шешімі

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының "2025 - 2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы" 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 24/205 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/195 "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады