Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 225 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы, Жетібай ауылы жерінен көлемі 10,39 гектар жер учаскесіне "Becturly Energy Operating" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Шығыс Бектурлы учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 02 сәуіріне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.


      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С.Төретаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "26"қарашадағы
  № 225 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскесінің көлемі (га), кадастрлық нөмірі

1

А.Қартбай шаруа қожалығының жері

6,7 гектар
13-197-017-278

2

Н.Темиралиева шаруа қожалығының жері

3,69 гектар
13-197-017-974


Барлығы

10,39 гектар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады