Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы, босалқы жер қорынан жалпы көлемі 678,9819 гектар жер учаскесін "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамына "Жетібай –Қазақ Газ Өңдеу зауытының газ құбырларының дәлізін орнату үшін" жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| С.Төретаев |
| Қарақия ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "02"қыркүйектегі | |
| № 158 қаулысына қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ |
Қауымдық сервитут | Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскесінің көлемі (га), кадастрлық нөмірі |
1 | А.Қартбай шаруа қожалығының жері |
2,1061 |
2 | "КазТрансОйл" АҚ жері |
27,0027 |
3 | К.Сариев жері |
2,5958 |
4 | Т.Кошаканов жері |
0,9658 |
5 | К.Салиханов жері |
18,6461 |
6 | Д.Жеткызген жері |
12,5358 |
7 | И.Наукыбаев жері |
11,3732 |
8 | А.Еламанов жері |
59,7819 |
9 | Ж.Мырзакулов жері |
29,4826 |
10 | Ж.Мырзакулов жері |
70,5185 |
11 | Қарақия ауданы, босалқы жер қоры жері | 443,9734 |
Барлығы | 678,9819 |
