Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726 - бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов |
