"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9- тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айқындалсын:
1) Ақтау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - қарыз сомасынан 10 пайыз, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С.Т. Закенов |
Келісілді
"Ақтау қалалық тұрғын
үй –коммуналдық
шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Шалабаев Б.А.
"___"_______________2025 жыл
| Ақтау қалалық мәслихатының | |
| 6 қазандағы 2025 жылғы | |
| №24/158 шешіміне қосымша |
Ақтау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1."Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.
2. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары.
