"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 187-НҚбұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.";

      14-тармақтың 1) тармақшасында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету" деген сөздер "мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді;

      4) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;

      5) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      6) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуын үйлестіреді;

      7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және қарауға қатысады;

      8) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оны қолдану шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) әзірлейді;

      9) су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидаларын әзірлейді;

      10) арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын әзірлейді;

      11) тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді;

      12) тексеру нәтижелері туралы актінің нысанын әзірлейді;

      13) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін әзірлейді;

      14) жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы нысанын әзірлейді;

      15) су пайдалану жоспарларының нысанын әзірлейді;

      16) суларды бастапқы есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      17) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін әзірлейді;

      18) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді;

      19) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;

      20) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді;

      21) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу қағидаларын әзірлейді;

      22) гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясының нысанын әзірлейді;

      23) су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      24) мемлекеттік су кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      25) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      26) жеке және заңды тұлғалар жүргізетін, су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келіседі;

      27) Қазақстан Республикасының су заңнамасында және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсатты беруді, ұзартуды, қайта ресімдеуді, тоқтата тұруды және оның қолданылуын тоқтатуды жүзеге асырады;

      28) мүдделі жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік су кадастрында қамтылған жалпыға қолжетімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге қатысады;

      29) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

      30) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су қорын қорғау және пайдалану саласында өздеріне жүктелген функцияларды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      31) арнаулы су пайдалануға рұқсаттың болуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      32) суды бастапқы есепке алуды жүргізу және ол бойынша есептілікті уақтылы ұсыну жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      33) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      34) жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары шегінде, сондай-ақ тікелей су объектілерінде шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуын, оның ішінде:

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде судың жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды бассейндік су инспекциясымен келісудің болуын;

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісудің болуын;

      мынадай:

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылысжайларды және судың жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді салуға, реконструкциялауға арналған бассейндік су инспекциясымен келісілген жобалау құжаттамасы;

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын бассейндік су инспекциясымен келісу шарттарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      35) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      36) алынған су ресурстары мен тазартылған сарқынды суларды ағызу көлемін есепке алуға арналған өлшеу құралдарының болуын, жарамды күйде болуын (жарамдылығын) және оларды тексеру мерзімдерінің сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      37) рұқсатта белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      38) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      39) су пайдаланудың перспективалы лимиттерін ғылыми негіздемелер мен бассейндік жоспарлар негізінде су пайдаланушылар санаттары үшін су объектілері немесе олардың учаскелері, су шаруашылығы бассейндері және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде перспективалы су шаруашылығы баланстарын әзірлеу кезінде он жылдық кезеңге әзірлейді;

      40) су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      41) тиісті бассейн шегінде су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;

      42) су ресурстарын пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілері мен су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;

      43) мыналарды:

      жер учаскесіне құқық беруді, жерге орналастыру жобасын және су қоры жерлерінің құрамынан және су қорғау аймақтары шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді;

      аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын;

      су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану және су шаруашылығы жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар бөлігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын;

      жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;

      су шаруашылығы құрылысжайлары және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін балық аулауды және аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурсқа шығарғанға дейін келісуді жүзеге асырады;

      44) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісуді жүзеге асырады;

      45) су пайдаланудың жедел лимиттерін айқындайды;

      46) тиісті су шаруашылығы бассейні бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады және оны бекітеді;

      47) су қорын қорғау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халыққа хабар береді;

      48) реттелетін саладағы мәселелер бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      49) арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;

      50) бассейндік кеңестердің қызметін ұйымдастырады, бассейндік кеңестердің өткізілген отырыстары және олардың ұсынымдары туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады;

      51) жерүсті су ағынын реттеу кезінде гидротехникалық құрылысжайлар жұмысының су режимін бекітеді;

      52) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорын қорғау және пайдалану саласында белгіленген нормалар мен ережелерді бұза отырып жүзеге асырылатын су шаруашылығы құрылысжайларының, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де объектілердің құрылысын тоқтату туралы талаптар қояды;

      53) Қазақстан Республикасы су заңнамасының бұзылғаны туралы материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдары мен сотқа жібереді;

      54) Қазақстан Республикасының су заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз береді;

      55) су қорғау аймақтары мен белдеулерін, олардың шекараларын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасын және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін келіседі;

      56) тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      57) ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды жүзеге асырады;

      58) бассейндер мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде су пайдалану лимиттерін әзірлейді және бекітеді;

      59) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

      60) табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің жобаларын талқылау бойынша жария тыңдауларды, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар алдындағы жыл сайынғы есептерін тыңдауды ұйымдастыруға қатысады;

      61) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұтынушылармен, табиғи монополиялар субъектілерімен, жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен кеңестер мен кездесулер ұйымдастыруға қатысады;

      62) реттелетін саладағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      63) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      64) Қазақстан Республикасы заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін атқарушы
Е. Ибрайханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады